Ұлттық құрама боксшылары 4 алтын алды
Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті
Қазақстан боксшылары 4 алтын, 4 күміс еншілеп, жалпыкомандалық есепте 1️-орынға шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Қазақстан бокс федерациясының ақпаратына сүйеніп.
Қазақстанның 8 боксшысы финалда жұдырықтасқан. Олардың төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыластарына жол берді.
"Belgrade winner" турнирінде жүлдегер атанған Қазақстан боксшылары: Ернұр Қайрат (48 келі); Санжар Тәшкенбай (51 келі); Дәулет Молдашев (54 келі); Диас Молжігітов (75 келі). Ал Сабыржан Аққалықов (71 келі); Ерасыл Жақпеков (80 келі); Данияр Рахымбердинов (92 келі); Олжас Боқаев (+92 келі) күмістен алқа тақты.
Естеріңізге сала кетейік, әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысқан халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынады.