Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қызғалдақ – Наурыз мерекесінің басты символы

Наурыздың бірыңғай логотипі – үш қызғалдақ арқылы бейнеленген

Новости Казахстана / Қызғалдақ – Наурыз мерекесінің басты символы
Фото:
pexels.com

Мерекенің жаңарған мазмұнының көрінісі ретінде және оның қоғамды біріктіруші ролін арттыру мақсатында Наурыздың бірыңғай логотипі бекітілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Халық үшін қызғалдақ Наурыз мерекесінің жарқын символы болып табылады. Ата-бабамыз ежелден қызғалдақты қастерлеп, оны жұмақ гүлі деп санаған, – деді ОКҚ алаңында ҚР МАМ Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаев.

Қазақстан халқы үшін қызғалдақ Наурыз мерекесінің жарқын символы саналады. Біздің ата-бабаларымыз ежелден қызғалдақты қастерлеп, оны жұмақ гүлі деп санаған. Қызғалдақты көктеммен, махаббатпен, құнарлылықпен, өмірдің жаңаруы мен тіршіліктің мәңгілік циклімен байланыстырады. Сондықтан бұл таңғажайып гүл – Ұлы Дала мерекесінің басты символы.

Логотиптегі үш қызғалдақ бейнесі қазақ халқы үшін қасиетті ұғымдарды меңзейді. Бұл көшпенді халықтың дүниетанымына, оның әлемдік құрылысқа деген ерекше көзқарасына байланысты. "Үш" саны қазақ үшін қасиетті саналады: үш жұрт (жігіттің өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты), үш ғайып (ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып), үш қуат (ақыл, жүрек, тіл) т.б. Үш қызғалдақ уақыттың үш кезеңінің (кеше, бүгін, ертең) ажырамас байланысын, тарихымыз бен мәдениетіміздің қазіргі және болашақтағы мұрасын, сондай-ақ туған табиғатқа деген терең құрмет пен үздіксіз кемелденуге деген ынтаны кескіндейді. Сонымен қатар, халқымыздың бірлігін, мемлекет дамуының үздіксіз циклын бейнелейді, Қазақстан тарихының сабақтастығы мен эволюциясының маңызын көрсетеді.

Халықтың сана-сезіміндегі сандар туралы ұғым-түсініктер қоршаған әлемді қабылдаудың, табиғат заңдылықтарын түсініп, он сегіз мың ғалам туралы ой қорытудың өзгеше тәсілін қалыптастырды. Бұл жерде "үш" саны әлемнің кемелділігіне, оның үштағандығына (триадность) меңзейді.

Бұл сан сондай-ақ жан, тән мен ақылдың бірлігін меңзейді. Түркі мифологиясында әлем бәйтерегі үш бөліктен тұрады: тамыр, діңгек және бөрікбас (ағаштың ұшар басы).

Қазір еліміздің аумағында қызғалдақтың 35 түрі өседі, олардың 18-і Қызыл кітапқа енгізілген. Ерекше қызғалдақ түрлерінің ішінде Грейг пен Кауфман сорттары да бар.

Следующая →