Өскемен
облачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +17°
$
489.36
+1.25
533.45
+3.36
¥
68.97
+0.45
4.99
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қатты тұрмыстық қалдықты өңдейтін 37 зауыт іске қосылады

Бүгін Қазақстан Үкіметінің отырысында елдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі қаралды

Новости Казахстана / Қатты тұрмыстық қалдықты өңдейтін 37 зауыт іске қосылады
Фото:
t.me/KZgovernment

Жаңа 37 зауытты іске қосу және жұмыс істеп тұрған 8 зауытты жаңғырту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру тетігін бекіткенін еске салды. Бұл қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін іске қосуға және қайта өңдеу қуаттарына қатысты. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі несие беру мерзімін және 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады.

Бүгінгі таңда 232 млрд теңгеден асатын 94 жоба іріктелді. Оларды іске асыру төсемтастарды, люктерді, қоқыс жәшіктерін, шыны ыдыстарды, стрейч пленкаларын және басқа да халық тұтынатын тауарлар шығаруды жолға қоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қуаттылығы жылына 3 млн тоннадан асатын сұрыптау желілерін салу және жаңғырту бойынша өңірлер арқылы 21 жоба пысықталды. Жобаларды іске асыру сұрыптау желілерінің қуатын қазіргі 1,7 млн тоннадан 4,7 млн тоннаға дейін жеткізуге, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі қалалар мен ірі елді мекендерді қамтуға мүмкіндік береді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы қуаттылығы жылына 1,2 млн тоннадан асатын жаңа 37 зауыт салу және жұмыс істеп тұрған 8 зауытты жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өңдеу көлемін жылына 1,4 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Премьер-Министр атап өткендей, республиканың көптеген өңірлерінде әлі күнге дейін коммуналдық қалдықтарды ұтымды жинау мен шығаруға және оларды сұрыптап, қайта өңдеуге жеткілікті көңіл бөлінбей келеді. Оңды-солды рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері пайда болуда. Оларды жою мәселелері уақтылы шешілмейді.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, дамыған елдер тұрмыстық қалдықтарды қайтадан өңдеп, барынша кәдеге жаратуда. Ал, бізде қарапайым сөзбен айтқанда, жиналған қоқысты жерге көме салу, тіпті болмаса таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды. Бұл елді мекендердің көркін бұзумен қатар, ешқандай санитариялық, экологиялық нормаларға сай келмейді, - деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министрдің айтуынша, тамақ қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеу мәселелері де шешімін таппай отыр. Осыған байланысты қалдықтарды жинаудан бастап, қайта өңдеуге дейін кәдеге жаратудың тиісті тетіктерін әзірлеу қажет.

Министрлік пен өңірлер бұл жұмысты созбалаңға салып жіберді. Кәсіпорындардың көпшілігі қайталама шикізатты жинаумен, оны буып-түйіп, шетелге сатумен ғана айналысады. Ал, қалдықтарды қайта өңдеп, түпкілікті өнім шығарып отырғандар аз, - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов жалпы, бүкіл әлемде қоқысты қайта өңдеу табысты бизнес болып отырғанын, Қазақстан да бұл бағытта замана көшінен қалмауға тиіс екенін атап өтті.

Осындай жобаларды іске асыру кезінде кәсіпорындарды экономикалық жағынан ынталандырудың тиімді тетіктері енгізілуі қажет. Оның үстіне, коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу мен сұрыптау жобалары 15 жылға 3% жеңілдікті мөлшерлемемен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы қаржыландырылатын болады, - деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы сондай-ақ қалдықтар жинау, тасымалдау және қайта өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін ЭкоҚолдау төлем бағдарламасының тетігі қайта іске қосылғанын айтты.

Қалдықтармен жұмыс істеудің нақты жүйесі экономикалық және экологиялық әсер беріп қана қоймай, кәсіпорындар ашуға, жаңа технологиялар тартуға, жұмыс орындарын ашуға да ықпал етеді, - деді Олжас Бектенов.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Үкімет басшысы қалдықтарды қайта өңдеу саласына инвесторлар тартудың қосымша тетіктерін әзірлеуді, тиісті инфрақұрылымдық жобалары бойынша өтінімдерді жеделдетіп қарау шараларын қабылдауды және толық пайдалануға берілгенге дейін әрбір жобаны сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Следующая →