Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +15°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

1 наурыз – Қазақстанда 2016 жылдан бері Алғыс айту күні деп жарияланған

Новости Казахстана / Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Фото:
akorda.kz

Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі.

Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ, татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. - Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды.

Біз озық ойлы ұлт ретінде көздеген барлық биік мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін. Осы орайда тынымсыз тер төгіп, Қазақстанды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс айтамын. Баршаңызға бақ-береке және мол игілік тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Следующая →