Қазақстандықтар оқулықтардың мазмұнын талқылауға қатыса алады
Жаңадан әзірленген оқулықтардың мазмұнына қоғамдық талқылаулар жүріп жатыр
Оған ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдардан өзге, кез келген қазақстандық та атсалыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйеніп.
talkylau.ebmso.edu.kz сайтында оқулықтар мазмұнының сапасы, құрылымы, әдістемелік тәсілдері, баяндау тілі мен безендірілуіне қатысты қоғам мен ғылыми-педагогикалық қауымдастық өкілдері сындарлы пікірлерін білдіре алады.
Онда жаңадан әзірленген оқулықтар бар:
- 3-сынып үшін "Еңбекке баулу", "Бейнелеу өнері", "Орыс тілі" (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), шет тілдері (ағылшын, француз);
- 3,9-11 сыныптар үшін "Неміс тілі";
- 5-9 сыныптарға арналған "Жаһандық құзыреттілік" оқулықтары қағаз нұсқада;
- 3-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық/ Цифровая грамотность" пәні бойынша электронды оқулықтар.
Қоғамдық талқылауға ғылыми-педагогикалық қоғам өкілдері, әдіскерлер, ғалымдар, сондай-ақ оқулықтардың сапасына бейжай қарамайтын қазақстандықтар қатысуға мүмкіндік алды, - делінген хабарламада. - Ол үшін келесі қадамдарды орындау қажет: веб-порталда тіркелу, оқулықтардың түпнұсқа-макеттерімен танысу және "түсініктеме қосу" тетігі арқылы оқулықтардың мазмұны мен құрылымына қатысты сын-пікірлер, ұсыныстар мен ескертулерді жаза аласыз.