Астана-Өскемен бағытындағы әуе рейс кешіктірілді
Сондай-ақ, Астанадан шығатын тағы 8 рейс кешігіп ұшып жатыр
Оған бүгін таңертең елорда әуежайында шыққан өрт себеп болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
112-ге Астана қаласындағы халықаралық әуежайдағы терминалдың электр қалқан бөлмесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілері бойынша - №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін, эвакуация жүргізілді. Сағат 08.24-те өрт сөндірілді. №2 серверлік терминалда 10-15 ш.м. электр кабельдері жанған, - деп хабарлады ҚР ТЖМ.
Әуежай терминалындағы өрттен кейін ішкі рейстер де, халықаралық рейстер де тоқтап, жолаушылар эвакуацияланған болатын.
Олар:
- КС205 Астана-Дубай
- DV702 Астана-Шымкент
- КС 952 Астана-Алматы
- IQ389 Астана-Жезқазган
- КС 7052 Астана –Алматы
- DV783 Астана-Өскемен
- КС 313 Астана-Ақтау
- ТК 357 Астана-Ыстамбұл
- DV 747 Астана-Павлодар
- КС7341 Астана-Қостанай
- DV821 Астана-Пулково
- КС 852 Астана-Алматы
- КС7315 Астана – Қызылорда
- Lo196 Астана-Варшава
- IQ367Астана-Қостанай
- DV716 Астана-Шымкент
- IQ437 Астана-Петропавл
- КС345 Астана-Өскемен
Қазақпараттың ақпаратынша, Астана уақытымен 10.48-де Астана халықаралық әуежайының Т2 Ішкі ұшулар терминалы қолданысқа берілді. Ішкі ұшулар терминалында жолаушыларды рейске тіркеу ашылды. Сондай-ақ, халықаралық рейстер терминалын іске қосу жұмыстары жүріп жатыр. Әуежайдағы жұмысты жалғастыру төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарының рұқсатымен мүмкін болды.