Мектептердің 80%-ына дейін жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады
Биыл интернетпен қамту 65%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылады
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орта білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықтағы және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұл шара оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.
Мектептерде жоғары жылдамдықтағы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жоғары жылдамдықтағы интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс - қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді, - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.
Айта кетейік, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай, тұрғыны аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жоспарлауда.