Балабақшада топ бала бір бүлдіршінді соққыға жыққан
Жаға ұстатар жағдай Алматы қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алды
Бүлдіршіннің миы шайқалып, ауруханаға түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Алматыдағы №51 балабақшадағы топтардың бірінде бір топ бала бір балаға жабылып, соққыға жығып, тепкілеген. Зардап шеккен баланың ата-анасы ұрып-соғу шамамен 5 минутқа созылған дейді. Соққыдан баланың миы шайқалған.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, бұл уақытта тәрбиеші балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен.
Жұмысына салғырт қараған тәрбиешіге қатаң сөгіс берілген, ал балабақша меңгерушісіне тәртіптік жаза қолданылыпты.