Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Кеншілерді бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қылмыстық топ Qarmet АҚ-ның жұмыскерлері мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалап, ақша алған

Новости Казахстана / Кеншілерді бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Фото:
Polisia.kz

Қылмыстық топ мүшелерінің жартысы былтыр қолға түссе, жартысы енді табылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі өткен жылдың желтоқсан айында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарлаған. Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды. Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Тергеу әрекеттері барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды. Сондай-ақ, олардың “Қазақстан Темір Жолы” АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды, - деп хабарлады Polisia.kz.

Осыған орай осы жылдың 13 ақпанында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері жоғарыда аталған қылмыстарға қатысы бар тағы да 8 адамды ұстады.

Полиция қызметкерлері 25 тінту жұмысын жүргізіп, тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер және діни кітаптар тәркіледі, - делінген хабарламада. - Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Следующая →