Екі келі есірткіні жұтып, елге кірмек болған шетелдіктер ұсталды
Ақтау қаласының халықаралық әуежайында апиын әкеле жатқан екі азамат ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанға есірткі жеткізу контрабандалық арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі ақпаратында. - Бұл жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу жүргізіліп, бөгде заттардың бар екені анықталған.
Арнайы медициналық тәсілдермен шетелдіктердің асқазандарынан апиын тобының есірткісінен тұратын 295 контейнер шығарылды. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг-дан артықты құрады.
Сот шешімімен олар қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.