Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оралда балабақшада балалардың үстіне шкаф құлап кеткен

Балабақшада шкаф төрт бүлдіршін мен тәрбиешінінің үстіне құлаған

Новости Казахстана / Оралда балабақшада балалардың үстіне шкаф құлап кеткен
Фото:
Устинка LIVE

Бір сәтке балаларды қараусыз қалдырған тәрбиеші тәртіптік жазаға тартылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға жеке балабақшалардың бірінде орын алған.

"Сәби" жекеменшік балабақшасындағы балалардың киімі мен керек-жарағы салынған екі метрлік шкаф кенеттен құлап, астында тәрбиеші мен төрт бүлдіршін қалды. Балабақша қызметкері салмағы ауыр жиһазды қалқалап, орнына қоюға тырысқан. Бірақ оған күші жетпей, өзі де зардап шеккен. Ауруханаға жеткізілген бес жастағы қыздар мен әйелді дәрігерлер қарап, үйлеріне жіберген.

Тергеу әлі де жүргізіліп жатыр. Балалардың да, тәрбиешінің де жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің медициналық қорытындысына сәйкес 3 қыз бен тәрбиеші үйінде ем алып жатыр. Балабақша тәрбиешісін қызметінен шеттету жөніндегі ешқандай шешім жоқ. Денсаулығы қалыпқа келген соң балалар да, тәрбиеші де оралады, - дейді балабақша қызметкері Зәуреш Қуанышқалиева.


Қазір мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Себебі үлкен шкаф қабырғаға дұрыс бекітілмеуі де мүмкін.

Ал топтағы ұл-қыздарды бір сәтке көзінен таса қылған 47 жастағы тәрбиеші балалардың өмірі мен денсаулығына зақым келуіне жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Следующая →