Қазақстандық дзюдошылар жарысты жеңістен бастады
Бүгін Парижде дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі басталды
Бүгін ерлер арасындағы бәсекеде 60 және 66 келіде жеңімпаздар анықталады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарысты алғаш боп бастаған үш қазақстандық балуан келесі айналымға өтті.
60 келі салмақта Елдос Сметов египеттік спортшыны жеңді. Белдесудің соңына дейін қарсыластар бір-бірін ала алмай, соңғы минуттарда Сметов қарсыласын таза ұтты.
Ал Нұрқанат Серікбаев бірінші айналымда жеңіліс тапты. Ол өзбек балуаны Достон Рузиевпен белдескен болатын.
66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев конголық қарсыласын, Есет Қуанов венесуэлалық балуанды жеңді.