Елде запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Биыл барлығы жеті жүзден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылмақ
ҚР Үкімет басшысы осындай Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес ҚР Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылы 752 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады:
- ҚР Қарулы Күштері 600
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 80
- ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы 42
- ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 30