Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +20°
$
441.79
-0.01
478.77
-1.25
¥
61.02
-0.04
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сүйіншіледі

Новости Казахстана / Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады
Фото:
ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінен

Министр Лондонға сапары аясында Ұлыбританиядағы беделді университетпен өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, келісімге қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшыларынан құралған делегациямен бірге әлемдегі ең беделді ЖОО-на арнайы барудың реті келді. Нақтырақ айтар болсам, әлемдегі бірегей ЖОО саналатын Ұлыбританиядағы Оксфорд университеті арасында өзара ынтымақтастық байланыс орнатып, өзара келісімге қол қойдық. Соның нәтижесінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту қолға алынатынын сүйіншілеп айтқым келеді, - деп жазды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Телеграм арнасында.

Ұлыбританияның оқу орнына ат басын тіреген соң Бодлиан кітапханасының Қазақстанға қатысты көне қолжазбалары таныстырылды. Бодлиан кітапханасы - өте ірі, рухани ордалардың бірегейі. Бұл кітапханада Түркі философы Шейх Ахмед Таразидың "Кемелдік ғылымы" қолжазбасының жалғыз данасы сақталған.

Тек бұл ғана емес, әлемдік деңгейдегі жоғары білім сарапшыларының бірі әрі бірегейі Оксфорд университеті жанындағы Білім департаментінің ғылым жөніндегі орынбасары Майя Чанкселианимен келіссөз жүргіздім. Келіссөз барысында 3 маңызды бағытты талқыладық. Олар: ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы, академиялық шеберлік орталықтары бойынша консалтинг, сондай-ақ жоғары білім беру саясаты саласында консультация беру сынды тақырыптар бойынша ынтымақтастық құруға уағдаластық, - деп атап өтті министр. - Сондай-ақ, Кэмбридж университеті жанындағы Homerton College деканы Лорд Саймен мырзамен кездесудің сәті түсті. Кездесу барысында тағылымдамалық бағдарламалар мен педагогтардың санын арттыру жөнінде көптеген ұсыныстарды талқылап, мұның әрі қарата нәтижелі болуына үлес қосатынымызды жеткіздім. Мұндай қадамдар әрине біздің отандық жоғары білім беру саласын дамытуға зор үлесін қосатынына күмәнім жоқ.


Следующая →