Үш қалада терроризмді насихаттағандар ұсталды
Күдіктілер Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында анықталған
Ұлттық қауіпсіздік қызметі 2024 жылғы 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының қатысуымен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекеттерінің жолын кесу бойынша операциялар өткізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің ақпаратында. - ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.