Өскемен
облачно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +5°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +15°
$
479.23
+0.69
534.96
+1.20
¥
68.35
+0.10
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда екі мыңнан астам адам із-түссіз жоғалған

Елдің бас прокуратурасы қазіргі уақытта 10 178 адамға іздеу жариялаған

Новости Казахстана / Қазақстанда екі мыңнан астам адам із-түссіз жоғалған
Фото:
Устинка LIVE

Оның 2 098 хабар-ошарсыз жоғалғандар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректеріне сүйеніп.

Жоғалған адамдардың көп бөлігі Алматы қаласында (278), Қарағанды облысында (217), Павлодар облысында (170), Алматы облысында (152) тіркелген.

Үйден кетіп оралмаған - 1 572 адам, автокөлікпен жоғалған – 73, жұмыстан кетіп қайтпаған - 38 жағдай тіркелген, - делінген бас прокуратура ақпаратында. - Көбінесе 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар әртүрлі жағдайларда жоғалады (77%).

Сондай-ақ, елде тергеу мен соттан жасырынған 2 378 адам іздестірілуде. Іздестірілуде жүргендер негізінен 31 мен 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың көбі алаяқтық (526), ұрлық (309) және адам өлтіру (143) дерегі бойынша іздеуде.

Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүзеге асыратынын еске саламыз.

Следующая →