Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Түркістанда банк менеджері бірнеше адамның атынан несие рәсімдеген

Осылайша ол 21 миллион теңге қаржыны қалтасына басқан

Новости Казахстана / Түркістанда банк менеджері бірнеше адамның атынан несие рәсімдеген
Фото:
Устинка LIVE

Пысық қызметкер 47 адамды сан соқтырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ІІМ ақпаратына сүйеніп.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне бір топ аудан тұрғындары арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша, аттарына бейтаныс біреу заңсыз несие рәсімдеген.

Аталған фактіні полицейлер "алаяқтық" бойынша тіркеді. Қылмысты тез арада ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел іздеуге кіріскен. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

Белгілі болғандай, 31 жастағы күдікті азамат банк қызметкері болып жұмыс істеп жүрген уақытында мәселемен алдына келген клиенттердің құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. Осылайша 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі 21 миллион теңге, - делінген ҚР ІІМ ақпаратында.

Следующая →