Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстандық волейболшылардың халықаралық аренадағы көрсеткіштері көңіл көншітпейді

Спортшыларымызда Париж олимпиадасына қатысуға мүмкіндік қалмаған

Новости Казахстана / Қазақстандық волейболшылардың халықаралық аренадағы көрсеткіштері көңіл көншітпейді
Фото:
pexels.com

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Волейбол федерациясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйенсек, Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиын барысында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын таныстырды.

Қазақстанда волейбол бұқаралық спорт түрі ретінде кең қанат жайып келеді. Бүгінде республика бойынша 14 мың волейбол секциясы жұмыс істейді. Онда 600 мыңнан астам бала аталған спорт түрімен тұрақты шұғылданады.

Волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ең кейінгі ірі жарыста сүреңсіз өнер көрсетіп, жүлдегерлер қатарынан көріне алмады. Есесіне, жағажай волейболынан ел құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Волейбол бойынша биылғы Париж Олимпиадасына жолдама беретін барлық іріктеу турнирі аяқталды.

Волейболшыларымыздың халықаралық аренада көрсетіп жүрген нәтижелері көңіл көншітпейді. Клубтар арасындағы біріншіліктерді есепке алмағанда, жерлестеріміз бірнеше жылдан бері Азия чемпионаттарында жүлдегерлер қатарынан көріне алар емес. Ерлер арасындағы ұлттық құрамамыз ең кейінгі рет 2017 жылы, әйелдер 2005 жылы күміс медаль жеңіп алған болатын. Париждегі Олимпия ойындарына қатысу үшін біз әлемдік рейтингте ТОП-5 құраманың қатарына енуіміз керек екені белгілі. Алайда, қазіргі таңда әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 32-ші, ал ерлер құрамасы 59-орында тұр. Яғни, волейбол спорты бойынша бізде Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік жоқ деп айтуға болады, - деді Ермек Маржықпаев.

Өз кезегінде волейбол федерациясының өкілдері аталған спорт түріндегі негізгі проблемалар туралы айтты. Солардың бірі – ұлттық команданың жас ерекшелігі. Қазіргі уақытта команданың негізін 30 жастан асқан спортшылар құрайды. Сондай-ақ, спорт функционерлері еліміздегі Ұлттық лиганың деңгейі төмен екенін, әлемдік деңгейге сәйкес келмейтінін айтты.

Жиын барысында министр федерация басшылығына волейболмен шұғылданатын өңірлердің қатарын көбейтіп, оны кеңінен дәріптеуді, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық спорт ұйымдарындағы өкілдігін арттыру бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Федерациядан жергілікті біріншіліктің деңгейін көтеру талап етілді. Сондай-ақ, ведомство басшысы жас спортшыларды даярлауда жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігін айтты.

Следующая →