Ресейден келе жатқан автобус жолда қалды
Ақмола облысындағы тас жолда бұзылған автобустан 16 ресейлік азамат эвакуацияланды
Ресейлік автобусты патруль қызметкерлері байқап, көмек көрсеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.
10 қаңтарда Астана-Петропавл тас жолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев пен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai маркалы автобусты байқайды. Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан. Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі - 6 жасар бала. Жылыну үшін баланы дереу полиция қызметінің көлігіне отырғызған, - делінген хабарламада.
Автобус жолаушылары Біржан сал ауданына қарасты ауылдық кітапханада орналасқан жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді.
Бұл аумақтағы көлік қозғалысын бақылайтын инспекторлар автобусты жөндеу орнына дейін сүйреп жеткізген.