Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қызылшамен ауырғандар саны соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жеткен

Ал ата-аналар арасында баласына екпе салғызудан бас тартатындар көп

Новости Казахстана / Қызылшамен ауырғандар саны соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жеткен
Фото:
t.me/KZgovernment

Елде қызылшаға қарсы иммунизация жүргізу үшін қосымша 1,5 млн доза вакцина сатып алынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бүгін ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен жаңа жылдағы бірінші Үкімет отырысы өтті. Онда Қазақстандағы қазіргі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал қаралды.

Мониторинг қорытындысы бойынша өткен жылы ең қауіпті инфекциялармен ауырған науқастар тіркелмеген.

Тек өткен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Ол соңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетіп отыр. Олардың 80%-ға жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар, - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары екенін айтты. Дегенмен ата-аналардың арасында балаларына екпені әдейі салғызбай, бас тартып отырғандардың қатары аз емес, мұның соңы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін.

Жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – екпе салу. Қызылшаға қарсы жаппай иммунизация жүргізу үшін қосымша 1,5 млн доза вакцина сатып алынды. Осы мақсаттар үшін Үкімет өткен жылдың қыркүйек айында резервтен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Алайда көріп отырғанымыздай, кейбір өңірлерде қызылшаға қарсы иммунизациямен қамту деңгейі әлі де төмен, - деді премьер-министр.

Осыған байланысты Әлихан Смайылов қызылшаға қарсы вакциналау жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ басқа да профилактикалық екпелермен вакциналауды жандандыруды тапсырды.

Жол қатынасы қиын және шалғайдағы ауыл тұрғындарын вакциналау үшін жағдай жасау керек, - деді Әлихан Смайылов.


Следующая →