Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қыздарға жиі қойылатын есімдер тізімі екі жыл еш өзгермеген

Ал ұлдардың есімі арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді

Новости Казахстана / Қыздарға жиі қойылатын есімдер тізімі екі жыл еш өзгермеген
Фото:
pexels.com

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйенсек, 2023 жылы жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ.

Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді.

2023 жылы жиі қойылған ұлдардың есімдері: Алихан, Омар, Амир, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Али, Нұрислам, Мухаммад, Хамза болса, қыздар арасында Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым есімдері танымал.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Алихан, Амир және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Амина есімдері соңғы он жылдағы әлі де жиі қойылатын есімдер қатарында, - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

2013 жылы жиі қойылған есімдер: Ерасыл, Алихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Амир, Арсен, Рамазан және Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Амина, Іңкәр, Диана.

Следующая →