Қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Қаңтар айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі жиі күтіледі
Қазақстанның ауа райын көбінесе Атлантикалық циклондар және онымен байланысты атмосфералық фронттар айқындайтын болады, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі "Қазгидромет" РГП ақпаратына сүйеніп.
3 қаңтардан бастап Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында суық ауа массаларының ағынымен ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі болжанады:
- республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде -3+2°С-тан -20-27°С-қа дейін, күндіз -3+2°С-тан -7-15°С-қа дейін;
- ҚР орталығында және шығысында түнде 0,-8°С-тан -20-28°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан -5-18°С-қа дейін;
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Қазақстанның солтүстік жартысында аяздың әлсіреуі болжанады: түнде -5-15°С дейін, күндіз -3-8°С дейін. Қаңтардың бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндігінің басында антициклонның күшеюімен түнде температура қайтадан -18-25°С дейін төмендейді.
Еліміздің батыс өңірлерінде қаңтар айының басында ауа температурасының түнде -3+5°С-тан 0,-10°С-қа дейін, күндіз -3+7°С-тан 0,-5°С-қа дейін төмендеуі күтіледі, екінші жартысында – түнде -10-18°С-қа дейін, күндіз -3-10°C-ға дейін ары қарай төмендейді, бірінші онкүндіктің соңында ғана күн жылынады.
Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -3-15°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан -8+3°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Консультативтік болжамға сәйкес 2024 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының жиі өзгеруі күтіледі, аязды күндер мен қатар циклондар мен атмосфералық фронттардың өтуі жиілеп, нәтижесінде қар жауады (ҚР оңтүстік жартысында жауын-шашын), бұрқасын күтіледі. Ауа массаларының өзгеруімен көктайғақ құбылыстары, тұман байқалады.
Жылу толқындарының бірнешеуі болжанады: ауа температурасы ҚР солтүстік жартысында және шығысында түнде -3-13°С дейін, күндіз -5+5°С дейін; ҚР оңтүстік жартысында және батысында түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+15°С дейін жоғарылайды.
Солтүстік-батыс антициклондардың енүімен бірнеше суық толқындар болжанады. Бұл күндері ауа температурасы төмендеуі мүмкін: ҚР солтүстік жартысында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде -22-30°С дейін, күндіз -12-20°С дейін; ҚР оңтүстік жартысында және батысында түнде -13-23°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.
Қаңтар айында Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон климаттық нормадан 1-2°жоғары болады деп күтілуде. Жауын – шашын мөлшері ҚР басым бөлігінде норма шамасында, елдің солтүстік-батыс жартысында, ҚР оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болады деп болжануда.