Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Слово пацана" сериалынан кейін Қазақстанда заңбұзушылық болмаған

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ресейлік "Слово пацана" сериалына қатысты пікір білдірді

Новости Казахстана / "Слово пацана" сериалынан кейін Қазақстанда заңбұзушылық болмаған
Фото:
t.me/ortcom_kz

Оның айтуынша, сериалдың біздің жастарымызбен ортақ ештеңесі жоқ, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл фильм өте қызу талқыланды. Алуан түрлі пікір бар. Біреулері фильм зорлық-зомбылықты насихаттайды десе, енді біреулер адамдардың психикасына теріс әсер ететіндігін айтады. Фильмді көрген жоқпын, сондықтан мазмұны жайлы айта алмаймын. Әрине, ІІМ-ге жібердік. Дегенмен, бүгінде біз ешқандай заң бұзушылық болған жоқ деп айқындадық, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, туынды қазақстандық шындықты паш етпейді.

Сериалдың біздің жастарымызбен ортақ ештеңесі жоқ. Жастарымызда лудоманиямен, есірткіге тәуелділікпен, мәдениетсіздікпен байланысты проблема бар. Сондықтан Мемлекет басшысы әр сөз сөйлеуінде Қазақстан азаматтары мен жастарымыз өзінің дәстүрін сақтауы, еңбек етуі, өзін дамытуға тырысуы тиіс екендігін айтып келеді. Меніңше, тыйым салу арқылы ештеңені шеше алмаймыз. Өйткені, фильмға тыйым салу туралы ұсыныс берілгеннің өзінде ақпараттық технологиялар заманында оны жасау мүмкін емес, - деді Аида Балаева.

Следующая →