Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жастарға арналған баспана бағдарламасы әзірленуде

"Отбасы банкі" жастарға арналған "9-20-25" жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр

Новости Казахстана / Жастарға арналған баспана бағдарламасы әзірленуде
Фото:
t.me/aqparatqogam

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазіргі уақытта "Отбасы банкімен" бірлесіп, "9-20-25" жаңа бағдарламасы әзірленуде, оның негізгі қатысушылары жастар болмақ, - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Министрдің айтуынша, биыл "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңға тұжырымдамалық түзетулер енгізілді. Бұл заңның басты жаңалықтарының бірі – жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту. Осылайша, жастардың саны 3,7 миллион адамнан 5,7 миллион адамға дейін артты.

2023 жылы Жастардың даму индексі енгізілді. Бұл көрсеткіш мемлекеттік органдардың жастармен жұмысының және олардың мәселелерін шешудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітілді. Онда ауыл жастарымен жұмыстан бастап патриоттық тәрбиеге дейінгі 7 бағыты қамтиды. Одан басқа құжатта 80 іс-шаралар жоспары қабылданды. Тұжырымдаманың алғашқы нәтижелері бар. 943 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 467 мыңы – жастар, - деді Аида Балаева.

Следующая →