Өскемен
ясно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +12°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
481.84
-1.02
531.33
-1.84
¥
68.66
-0.15
5.07
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

50-ден астам қазақстандықты алдаған әйел шет елден табылды

Халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын Краснодар қаласында ұсталды

Новости Казахстана / 50-ден астам қазақстандықты алдаған әйел шет елден табылды
Фото:
Устинка LIVE

Павлодарлық әйел 50-ден астам азаматты алдаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері көрші мемлекеттегі әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген Павлодар қаласының тұрғынын Краснодар қаласындағы жалдамалы пәтерде ұстады.

2021 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы қазан айына дейінгі уақыт аралығында 47 жастағы павлодарлық әйел бизнесті дамыту және қарттар үшін ақылы пансионат ашу сылтауымен жалпы сомасы 400 млн теңгедей қаражатты иеленгені анықталды. Қазіргі уақытта "қашқын" Краснодар қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Сот іздеуде жүрген адамға қатысты 40 тәулік мерзімге экстрадициялық қамауға алуға санкция берді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Айта кету керек, криминалдық полицияның сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Ұзақ уақыт бойы ақпарат жинау және нұсқаларды қайта қарау, сайып келгенде, қылмысты ашумен аяқталады. Тек осы жылы павлодарлық жедел уәкілдер 155 қылмыскерді іздеп тапты.

Следующая →