Кеңес одағының және Қазақстанның белгілі боксшысы жоғалып кетті
64 жастағы қарағандылық Серік Нұрқазов он шақты күн бұрын із-түссіз жоғалған
Бұл ақпарат "Қоғам" жедел әрекет ету жасағының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.
Серік Нұрқазов 14 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Оның басында сұр шапка, үстінде капюшоны бар көк күрте, ақ жемпір, қара джинсы болған. Сондай-ақ оның шашы ақ және сақалы бар, - делінген хабарламада.
Серік Төкенұлы - бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, 1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері; 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері; 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы; КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.