Кісі өлтірген екі жігіт жерді қазып жасырынған
Екі жігіт өз таныстарын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
Қылмыс қазан айында орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.
Кісі өлтірген күдіктілер екі айға жуық уақыт өздері қазған жерге жасырынып жүрген. 22 және 33 жастағы екі ер адам ұсталды.
Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
ҚР ҚК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.