Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +27°
  • Тараз
    +24°
  • Туркестан
    +28°
  • Шымкент
    +27°
$
451.38
-0.39
487.22
+1.25
¥
62.24
-0.04
5.14
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зиянды жерде жұмыс істейтіндерге әлеуметтік төлем қалай төленеді?

Еңбек министрі арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың міндетті шарттарын атап өтті

Новости Казахстана / Зиянды жерде жұмыс істейтіндерге әлеуметтік төлем қалай төленеді?
Фото:
Устинка LIVE / В. Иванов

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген азаматтарға 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем енгізу бойынша тапсырма берген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр осы тапсырманы орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен тиісті заңнамалық өзгерістер әзірленгенін атап өтті. Заңнаманы Сенат мақұлдады, ол Президенттің қол қоюына жіберілген.

Заң Жобасы шеңберінде көп өзгерістер енгізіледі. Біріншіден, арнайы әлеуметтік төлемді көп жылдар бойы жұмыс істеген, 55 жасқа толған және 7 жыл бойы өздеріне жиынтық жарналар аударған азаматтар алады, - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Арнайы әлеуметтік төлем төрт қаражат көзінен беріледі: республикалық бюджеттен 2 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде; өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардан; жұмыс берушілердің қаражаты есебінен, БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен.

Төлемдердің орташа мөлшері 208 мыңға жетеді және 63 жасқа дейін төленеді. Азаматтар арнайы әлеуметтік төлемдерді алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс.

Следующая →