Олимпиадаға бара жатқан оқушылар мен мұғалім жолда қаза тапты
Бүгін таңертең Ырғыз ауданы Қызылжар ауылы маңында Toyota Alphard машинасы жүк көлігіне соқтығысқан
Бұл таксиде жүргізушіден бөлек, 5 оқушы мен 1 педагог болған, деп хабарлайды Kazinform.
ЖКО "Самара – Шымкент" тасжолында сағат 8.45-те орын алған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, апат салдарынан 3 адам қаза тапқан. Олар - республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысуға бара жатқан 2і оқушы мен 1 мұғалім. Басқа мәліметтер ақпарат түскен бойда хабарланады, - деді Ақтөбе облыстық Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.
Полиция мән-жайды анықтауға кірісті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам және 16 жастағы екі оқушы оқиға орнында қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жағдай анықталып жатыр, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін Ырғыз ауданының әкімдігі Toyota Alphard машинасы жүк көлігіне соғылғанын мәлім еткен еді. Такси көлігінде жүргізушіден бөлек, 5 оқушы мен 1 педагог болған.