Алматы қаласының ТЖБ бастығы жемқорлық үшін сотталды

Ол кәсіпкерден 13 млн теңгеден астам сыйақы алған

Новости Казахстана / Алматы қаласының ТЖБ бастығы жемқорлық үшін сотталды
Фото:
pexels.com

Қостанай қаласының №2 соты Жаныспаевқа қатысты үкімін жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратына сүйеніп.

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қостанай қаласының №2 сотымен Алматы қаласы ТЖД Басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.К. Жаныспаевқа қатысты үкім жарияланды, - делінген хабарламада. - Ол кәсіпкерге қамқорлығы үшін жалпы сомасы 13 млн теңгеден астам ақшалай сыйақы алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Жаныспаев 5 жылға бас бостандығынан айырылып, арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Следующая →