Хостелдегі өртте қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі
Бұл туралы ҚР Мемлекет басшысы тапсырма берді
Фото:
instagram.com / gulbanuanyat
Ел Президенті Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.