Өскемен
малооблачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +29°
  • Орал
    +32°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +29°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +29°
  • Шымкент
    +31°
$
450.79
482.21
¥
62.14
5.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР ІІМ: Әлеуметтік желіде бала сататынын жариялаған келіншек ұсталды

Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны несиесін жабу үшін құрсақтағы баласын сатпақ болған

Новости Казахстана / ҚР ІІМ: Әлеуметтік желіде бала сататынын жариялаған келіншек ұсталды
Фото:
Polisia.kz

Елімізде "STOP-трафик" кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Операция барысында 39 қылмыс анықталған. Олар: ағза саудасының 1 фактісі; еңбекке тарту мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың 3 фактісі; адам саудасының 7 фактісі; жезөкшелікпен айналысуға тартудың 4 фактісі; притон ұстау және жеңгетайлықтың 24 фактісі.

Мәселен, Алматы облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған баланы сату фактісін анықтады.

Облыстың 24 жастағы тұрғыны жүктіліктің жетінші айында әлеуметтік желіде баланы сату туралы хабарландыру жариялап, сатып алушыларды іздеумен айналысқан, - делінген хабарламада. - Соңында ол балалары жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасаған. Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған. Бұл факт “Кәмелетке толмағандар саудасы” бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ, Шымкентте де жаңа туған нәрестені саудалаудың тағы бір фактісі тіркелді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жас әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Факт Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бала сәбилер үйіне орналастырылды. Күдікті қамауға алынды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.


Следующая →