"Көшпенділер" үшін салынған жасанды бекініс 44 есе арзан бағаға сатылған
Осы үшін "Қазақфильм" АҚ экс-президенті жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілікті
Антикоррупциялық қызмет "Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Бұл факт мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау барысында анықталып отыр.
2017 жылы Алматы облысының Іле өзені жағасындағы "Көшпенділер" киножобасы аясында салынған жасанды "Түркістан" бекінісі Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығымен үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен сатылған, - деп хабарлады агенттік. - Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.