Газ қосу үшін тұрғындардан 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша талап еткен
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманына қатысты тергеу басталды
Олар қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақы талап еткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР ҚМА ақпаратына сүйеніп.
Олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен, - деп мәлімдеді ҚР ҚМА баспасөз қызметі. - Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды.