Атырау қаласының экс-әкімі қамауға алынды
Атырау қаласынының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды
Алаяқтық белгілері бойынша Атырау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты Атырау облысының прокуратурасы ақпаратына сүйеніп.
2020-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктің лауазымды тұлғалары жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, 09.11.2023 жылы ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша тергеу шеңберінде Атырау қаласының экс-әкімі К.К. Оразбаева ұсталды (Атырау қ. ПБ УҰИ-не қамауға алынды).
Тергеу жалғасуда. ҚПК-ның 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.