Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар
2021 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы 3,7 млн адамның жоғары білімі бар екені белгілі болды
Ал 4,1 млн адам арнайы орта білімді, 4,9 млн адам орта білімді болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ұлттық статистика бюросы ақпаратына сүйеніп.
2009 жылғы санақпен салыстырғанда жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8%-дан 2021 жылы 27,6%-ға дейін өсті.
Өңірлердің ішінде жоғары білімі бар халықтың ең көп саны Алматы облысына тиесілі – 404,8 мың адам. Әрбір өңірдегі жоғары білімі бар халықтың үлесі бойынша Астана қаласы көш бастап тұр – елорда халқының 25,5% ЖОО бітірген, - деп мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.