Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
480.55
533.75
¥
67.85
5.36
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мәскеу мұрағатынан Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды

Мемлекет қайраткері бейнеленген кадрлар 1935 жылы Қазақ автономиясының құрылғанына 15 жыл толуына орай түсірілген екен

Новости Казахстана / Мәскеу мұрағатынан Сәкен Сейфуллиннің видеосы табылды
Фото:
e-history.kz

Видеоны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлері тапқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл видео бұрын еш жерде жарияланбаған.

Тіл білімі институтының жас ғалымдары, атап айтқанда PhD доктор Ермұхамет Маралбек пен Ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Әрлен Сейтбатқал институттың ахметтану бөлімінің зерттеу бағыты бойынша жүргізіліп жатқан гранттық жобасы аясында Маскеудегі мемлекеттік архивтен бірнеше құнды видео тапты. Сәкен Сейфуллин, Әліби Жангелдин, Ораз Исаев, Ораз Жандосов сынды тұлғалардың видеосын елге алып келген жас ғалымдардың қоржынында көптеген олжа бар. Оның бәрін алдағы уақытта жариялаймыз, - делінген институттың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ресей мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мұрағатында болған ғалымдар архивтің құжаттар каталогымен толық танысып шыққан, Сәкен Сейфуллин бейнежазбасы кездейсоқ қолдарына түскен.

Бұл сапарда жас ғалымдар өзге де көптеген тың деректер мен еңбектер тапқан.

Следующая →