"Костенко" шахтасындағы 46-шы кеншінің дене бөлшектері табылды
Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов айтты
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "Костенко" шахтасындағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смаиловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті.
Бүгінгі күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша 46-шы адамның дене бөлшектері табылды, - деді Сырым Шәріпханов. - Аварияның себептерін тергеп-тексеру шеңберінде Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түстім. Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық.
Нақтырақ айтқанда, тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен, 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету қондырғылары қираған.
Тергеуге Қазақстаннан, жақын және алыс шетелдердің сараптамалық ұйымдар тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, апат кезінде ауысымда барлығы 252 кенші болды, оның 201-і өздігінен көтеріліп, 5-еуін тау-кен құтқару күштері жер бетіне шығарған еді.
Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша қозғалды.