Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 45-ке жетті

ҚР ТЖМ-ның жексенбі күнгі сағат 20.00-дегі есебі бойынша 45 кеншінің денесі табылған

Новости Казахстана / Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 45-ке жетті
Фото:
ҚР ТЖМ

Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде, деп хабабрлайды Устинка LIVE ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.

Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда, - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. - Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

  • шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;
  • металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;
  • желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.

Следующая →