Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болуы мүмкін
Азаматтық авиация қызметкерлері және бұрғылаушылардың өз атаулы күндері белгіленбек
Фото:
pexels.com
Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мереке тізімдеріне толықтырулардың тиісті жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.
Яғни, енді Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күні - 1 ақпанда, Бұрғылаушылар күні - қарашаның үшінші сенбісі тойланбақ.
Жоба порталда 2 қарашаға дейін талқылауда болады.