Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстанда адам ішкі ағзасын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Олар реципиенттер мен донорларды іздеп, жалған құжаттар ресімдеп, ішкі органдарды трансплантациялау операцияларын жүргізген

Новости Казахстана / Қазақстанда адам ішкі ағзасын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото:
Polisia.kz

Бұл қызметтеріне 6-10 млн теңге алатын көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері осы қылмысқа күдікті 22 фигурантты (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) ұстады.

Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен. Келісім сомасы 6-10 миллион теңгені құрады, осындай сегіз факт анықталды, - деп хабарлады Polisia.kz.

Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес трансплантациялау кезінде адам ағзалары мен тіндерін алып-сатуға тыйым салынады.

ҚР ҚК-ның 116-бабы бойынша "Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.



Следующая →