Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шымкенттегі кірпіш зауыты Өзбекстан азаматтарын құлдықта ұстаған

Шымкент қалаларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері зауытта заңсыз жұмысқа тартылған 60 азаматты анықтады

Новости Казахстана / Шымкенттегі кірпіш зауыты Өзбекстан азаматтарын құлдықта ұстаған
Фото:
pexels.com

Ал оларды қорқытып жұмысқа жеккен ағайынды кәсіпкерлер ұсталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

14 қазанда Алматы қалалық ПД-ның “102” арнасына Ақтөбе қаласының тұрғынынан арыз түсті, - делінген ҚР ІІМ ақпаратында. - Арыз беруші Өзбекстан азаматы, ағасы еңбек құлдығынан қашып құтылып, өзінің жанына Алматыға келгенін жеткізді. Айтуынша, бұған дейін оны Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары физикалық күш көрсетумен қорқытып, ұстап келген. Алайда белгісіз біреулер қайтадан інісінің ізіне түсіп, қара түсті BMW көлігімен ұрлап кетіпті.

Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Алматы және Шымкент қалаларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлескен арнайы жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары, үш ер адам ұсталды. Олар кірпіш зауытының иелері, екеуі ағайынды бауыр болып шыққан.

Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде жедел уәкілдер екі зауыттың аумағынан 60-тан астам шетелдікті тапты, олардың барлығы көрші Өзбекстаннан келген, - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі. - Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шетелдіктер зауытқа жұмысқа шақырылғаны анықталды. Содан кейін, олардың құжаттарын тартып алып, жалақы берілмегені және үнемі физикалық зорлық-зомбылық көрсетіліп, корқытып ұстағаны белгілі болды.

Бүгінде 25 шетелдік жұмысшы “Сана-сезім” қоғамдық бірлестігінің қамқорлығында болса, 30-дан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орталығына орналастырылған.

Полицияға күдіктілерге қатысты шетелдік азаматтардан үш ресми арыз түсті. Күдіктілер қамауда. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы (Еңбекке қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) және 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Следующая →