Боранбаевтың қонақ үй кешені мемлекет меншігіне қайтарылмақ
Бұл нысанды әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда
Қонақ үй кешені жылына 900 млн теңгеге жуық табыс әкеліп отырған көрінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ақпаратына сүйеніп.
Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдауда, - делінген хабарламада. - Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.
Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда.
ҚМА активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстарды жалғастыруда.