Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл елге оралған этникалық қазақтардың көбі Өзбекстаннан келген

2023 жылғы 1 қазанына дейін 16 408 этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды

Новости Казахстана / Биыл елге оралған этникалық қазақтардың көбі Өзбекстаннан келген
Фото:
Устинка LIVE

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 123,5 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Еңбек министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% - Қытайдан, 10,9% - Моңғолиядан , 7,7% - Ресейден, 6,3% - Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Әсіресе еңбек күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанған.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде, - делінген министрлік ақпаратында. - Жыл басынан бері 1254 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 522 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1254 адам біржолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Следующая →