Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен тұрғыны Петропавлды жарамын деп қорқытқан

Петропавл қаласын "жарамын" деп SOS батырмасы арқылы полицияға хабарласқан ер адам ұсталды

Новости Казахстана / Өскемен тұрғыны Петропавлды жарамын деп қорқытқан
Фото:
polisia.kz

Күдікті Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

9 қазан күні түскі уақытта біреу полицияға хабарласып, Петропавл қаласын жарып жіберетінін айтқан, - деп хабарлады СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі. - Белгісіз адамның Қазақстан Конституциясы мен Казахстанская правда көшесінің қиылысында орналасқан "SOS" батырмасын пайдаланғаны белгілі болды. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жетіп, телефон шалған күдіктіні ұстады. Ол Өскемен қаласының 44 жастағы тұрғыны екен. Бұған дейін ол бірнеше рет сотталған.

Медициналық куәландыру нәтижесінде ер адамның мас екендігі анықталды. Айтуынша, мұндай қадамға баруына жеке басындағы қиындықтар себеп болған.

Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бабы бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Полицейлердің айтуынша, лаңкестік актісі туралы жалған хабарламалар құқық қорғау және арнайы органдардың жұмысын тежейді, хабарламаны тексеруге айтарлықтай күш жұмсалады. Қылмыстың бұл түріне 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (1 АЕК – 3450 теңге) айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Следующая →