ШҚО Астанадағы жәрмеңкеге 50 тонна бал мен 30 тонна ет апарады
14-15 қазанда Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
ШҚО кәсіпкерлері астаналықтарға өңірде өндірілетін өнімнің 40-тан астам түрін ұсынбақ, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жәрмеңке екі күн қатарынан Тәуелсіздік алаңы, 50 мекенжайында орналасқан ҚазҰӨУ алдында өтеді, - деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Онда Шығыс Қазақстан облысының 9 ауданы және Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары, Солтүстік Қазақстан облысының АШТӨ-мен бірлесіп, кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізеді.
Жәрмеңке сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жалғасады.
ШҚО өңдеуші кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары Астана қаласының тұрғындарына ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары сапалы және экологиялық таза өнімдерін ұсынады.
Жәрмеңкеде өнімнің 40-тан астам түржинағы болады: бал және бал ара өнімдері, өсімдік майы, қарақұмық, бұршақ, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, сүт өнімдері, кең ассортименттегі ысталған және пісірілген шұжықтар, балық және балық өнімдері, бұғы мүйізінен жасалған өнімдер, ұлттық өнімдер және т.б.
Өнімдер өткізу нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылады.
Жәрмеңке аясында Астана қаласының тұрғындарына 49,2 тонна бал, 2 тонна шұжық өнімдері, 8 тонна сүт өнімдері, 16 тонна өсімдік майы, 3 тонна ұн және жармалар, 9 тонна балық, 29,8 тонна ауыл шаруашылығы жануарлары мен құс еті, 4 тонна қымыз және ұлттық өнімдер, 700 литр алкогольсіз сусындар ұсынылады. Барлығы 244,5 млн теңгеге 123,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылады, - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, мәдениет басқармасы аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, жәрмеңкелер өтетін күнге концерттік, ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырады.