Ұлттық ұлан сарбазы түнде кезекшілік кезінде қаза тапқан
Астанадағы әскери қалашықта Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды
ҚР Ұлттық ұлан 6636 әскери бөліміндегі сарбаз өліміне түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
9 қазанда 6636 әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Қайсар Маратұлы Сұлтанов әскери қалашықты күзететін кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кірісті. Штаб бойынша кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің жұмысын тексеру кезінде қатардағы жауынгер Қ.М. Сұлтановты күзет бекетінен басындағы оқ жарақатымен тауып алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері сарбаздың қайтыс болғанын мәлімдеді, - делінген хабарламада.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Қызметтік тергеу басталған.