Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
-2.39
533.75
-2.22
¥
67.85
-0.21
5.36
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі тоқтатылды

Қазақстанның барлық кинотеатрларында фильмнің прокаты тоқтатылған

Новости Казахстана / "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің көрсетілімі тоқтатылды
Фото:
әлеуметтік желіден

Фильм премьерасы 21 қыркүйекте басталған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Фильмге билет сатылымы тоқтатылғанын әлеуметтік желі қолданушылары жаза бастады. Өскемендегі кинотеатрлардың кестесінде де бұл фильм жоқ екінін көруге болады.

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақтар таң атқалы көптеп келіп жатыр, - деп жазды өзінің жеке парақшасында фильм режиссері Мұрат Есжан. - Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз, десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын, алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды. Жалпы, 6 сериялы телехикаядан көркем фильм жасау, оны үлкен экран арқылы көпшілікке ұсыну “Қазақстан” телерадиокорпорациясының тікелей идеясы мен ұсынысы болатын. Ол үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын. Уақыты мен қаржысын қиып, келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз! Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада Qazaqstan арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шықпақ.

Следующая →