Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Қазақстанда сүт бағасы қымбаттады

«Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ-ның мәліметінше, Қазақстанда өңделген сүт пен сүт өнімдерінің құны қымбаттағаны байқалады

Новости Казахстана / Қазақстанда сүт бағасы қымбаттады
Фото:
mariupol.tv
«Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ-ның мәліметінше, қымбаттауға қаптама мен шикізат сатып алу бағасы әсер еткен.

Барлық азық-түлік бағасымен қатар, сүт өнімдерінің бағасы да қымбаттап жатыр.

Сүт негізінен жеке сектордан сатып алынатындықтан, қыста олар өндіруші орындарға сүт бермейді. Сондықтан да қыс мезгілінде сүт жетіспегендіктен, бағасы да сәйкесінше қымбаттайды. Сонымен қатар, Қазақстанда сүт қаптамасы жасалмайтындықтан, оны шет елден сатып алуға тура келеді, - дейді «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ атқарушы директоры Владимир Кожевников. - Яғни, пластикалық стақандар, қатты қаптама Ресей мен Франциядан әкелінеді.

Владимир Кожевниковтың сөзінше, Қазақстандағы сүтке арналған қаптама жасайтын жалғыз зауыт Шығыс Қазақстанда орналасқан. Ал бұл зауыт қаптаманы толық шеттен әкелінетін фольга, картон, пластик сынды шикізаттардан дайындайды. Өйткені Қазақстанда ондай шикізат өндірілмейді.

«Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ-ның мәліметінше, жергілікті өнімнің шығарылым бағасы 15-20 пайызға көтерілген.
Следующая →
Тақырыптар: Сүт Баға Қымбаттау