Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Елімізде егіздер, үшемдер саны бойынша Түркістан облысы көш басында
2022 жылы жалпы 8268 егіз бен 151 үшем дүниеге келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сүйеніп.
Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1185 егіз. Одан кейін Алматы облысы мен Алматы қаласы, сәйкесінше 782 және 756 егіз, - делінген хабарламада. - Үшемнің туу көрсеткіші бойынша тізім басындағы аймақтар: Түркістан облысы – 24 үшем, Алматы қаласында 21 және Астанада 18.
Өткен жылы елде төртем дүниеге келген жоқ.
Жалпы 2022 жылы туған сәби саны 403,9 мыңды құрады. Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға шаққанда 28,53 адам), Түркістан (27,67) облыстарында және Шымкент қаласында (27,13) байқалды. Туудың негізгі үлесін 30-34 жас (28,6%) және 25-29 жас (28,1%) жастағы әйелдер құрайды.